
Заңсыз айналымдағы 38 килограмм: ШҚО-да есірткі қылмысына қарсы күрес жалғасуда
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті есірткі қылмыстарымен күресті жалғастыруда.
Ағымдағы жылдың алғашқы үш айында есірткінің заңсыз айналымына байланысты 86 қылмыстық іс тіркелді.
Оның ішінде 50 есірткіге қатысты қылмыс анықталды. Атап айтқанда, 35-і сату, 2-уі аса ірі көлемде сақтау, 13-і құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру фактісі. Сондай-ақ, 10 фотолаборатория жойылып, 1 контрабанда дерегі тіркелді.
Заңсыз айналымнан 38 килограмнан астам есірткі, оның ішінде 37 килограмм марихуана, 1 килограмнан астам синтетикалық есірткі тәркіленді.
Сонымен қатар, есірткі қылмысының алдын алуға ерекше көңіл бөлінуде. Аталған бағытта 100-ден астам профилактикалық іс-шаралар – дәрістер, дөңгелек үстелдер, акциялар мен спорттық кездесулер өткізілді.
Бұл жұмыс Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында.
ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/979596?lang=kk
Жауап қалдыру