«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» жас педагогтердің байқауының республикалық кезеңі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыру және инновациялық белсенділіктерін дамыту мақсатында 2025 жылғы 14-18 сәуір күндері «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VI Республикалық байқауының республикалық кезеңі Щучинск қаласында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткізілді.

Байқауға еңбек өтілі 0-ден 3 жылға дейінгі жас педагогтер қатысты.

Конкурстың нәтижесі бойынша Серікова Ботагөз Серікқызы, ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қ.Билялов атындағы мектеп-лицейі» КММ ағылшын тілі мұғалімі бас жүлдеге ие болды.

Жас маманға алдағы уақытта да шығармашылық табыс, биік белестер мен сарқылмас шабыт тілейміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/979853?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді