
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында облыста бос жұмыс орындары жәрмеңкесі мен Ашық есік күндері шараларын ұйымдастыру жалғастырылуда.
Талдықорған қаласы және Алакөль ауданында өткен «Ашық есік күнінде» 10 мекеме және арнайы кәсіптік білім беру колледждерінің жоғарғы курс студенттері қатарынан 293 адам қатысты.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 140-қа жуық жұмыс берушілер қатысты және олардың тарапынан еңбек нарығында сұранысқа ие 400-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңке жұмыс іздеуші азаматтар, еңбекке қабілетті мүгедектігі бар адамдар, жоғары және техникалық кәсіптік оқу орындарын бітірушілер, сондай-ақ пробация есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар қатысты.
Нәтижесінде 47 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, 88 жұмыссыз субсидияланатын жұмыс орындарына жолданды, оның ішінде:
•«Күміс жас» жобасы аясында – 20 адам;
•«Әлеуметтік жұмыс орындары» – 4 адам;
•«Жастар тәжірибесі» – 13 адам;
•«Қоғамдық жұмыстар» – 51 адам.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-social-employment/press/news/details/979364?lang=kk
Жауап қалдыру