
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына нелер жатады?
➡️ Бірінші сортты бидай ұны. Бірінші сортты ұннан жасалған нан. Рожки. Қарақұмық жармасы. Күріш. Картоп. Сәбіз. Бас пияз. Қырыққабат. Қант. Күнбағыс майы. Сиыр еті. Тауық еті. Майлылығы 2,5% пастерленген сүт. Майлылығы 2,5% айран. Майлылығы кемінде 72,5% сары май. Тауық жұмыртқасы. Ас тұзы. Майлылығы 5-9% сүзбе.
✅ Дүкен сөресінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бекітілген баға сақталмаған жағдайда қандай жауапкершілік қарастырылған?
➡️ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 204-4 бабына сәйкес:
– шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 5 АЕК,
– орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 35 АЕК,
– ірі кәсіпкерлік субъектілеріне –150 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
✅ Аталған бұзушылықтар 1 жыл ішінде қайталанған жағдайда қандай жауапкершілік қарастырылған?
➡️ – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 10 АЕК,
– орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 70 АЕК,
– ірі кәсіпкерлік субъектілеріне –300 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
✅ Тұтынушы бағаның шекті бөлшек сауда бағадан қымбаттығын анықтаған жағдайда кімге және қалай шағымдана алады?
➡️ Анықталған факті бойынша төмендегі QR кодты сканерлеу арқылы Е-оtinish платформасына арыз бере аласыз.
QR кодты сканерлеу арқылы – «Өтініш беру» батырмасын басыңыз. Мемлекеттік орган атауына «Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментін» енгізіңіз. «Сипаттаманы» және «мекенжайды» толтырып, міндетті түрде дәлел ретінде фотосуреттер немесе видео жүктеңіз. Сіздің арызыңыз дайын, электронды қолтаңба арқылы қол қойып, жолдаңыз.
📌 Дереккөзі: ҚР Сауда және интеграция министрлігі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-tastobe/press/news/details/985684?lang=kk

Жауап қалдыру