Астанада Ж.Молдағалиев көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада «Е-41 көшесінен Е32 (Әйтеке би) көшесіне дейінгі учаскеде Ж. Молдағалиев көшесінің құрылысы» жобасын іске асыр басталады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Ж.Молдағалиев көшесінің құрылысы бойынша жұмыстардың басталғаны туралы хабардар етеді.

Осыған байланысты, 2025 жылғы 29 сәуір мен 30 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске бойынша қозғалыс толығымен жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс баламалы көшелер мен кварталішілік өткелдер бойынша ұйымдастырылатын болады.

Автобус маршруттарындағы өзгерістер схемасымен қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/985612?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді