
Аудан мектеп кітапханашыларының семинары өтті
2025 жылдың 24 сәуірде Қ.Сәтпаев атындағы Жәнтікей орта мектебінде «Оқырман тарту жолдары: заманауи тәсілдер мен әдістер» тақырыбында аудан мектеп кітапханашыларының семинары өтті. Мақсаты- Кітапханаларда оқырмандар санын арттыруға бағытталған заманауи әдістер мен шығармашылық идеяларды талқылау, тәжірибе алмасу, жаңа технологияларды пайдалану арқылы кітапхананың тартымдылығын арттыру жолдарын қарастыру.
Қ.Сәтпаев атындағы Жәнтікей орта мектебінің кітапханашысы Р.Темиржанова «Ертегілер әлемінде: кітап, анимация және ойындардың бірігуі» жобасын таныстырып, іс-тәжірибесінен бейне-кескіндер мен слайдтар көрсетті.
Сасан би атындағы орта мектебінің кітапханашысы Ш.Оразкаримова «Мен оқыған бір кітап» Readx жобасын таныстырып, кітапханашылармен практикалық жұмыс жүргізді.
Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің кітапханашысы А.Билялова «Кітапхана –оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір» тақырыбындағы «8 минуттық кітап оқу» бағдарламасы аясында оқушылармен жүргізілген жұмыстарының нәтижесімен таныстырды.
Қожагелді батыр атындағы орта мектебі кітапханашылары А.Алдабергенова, Г.Ибрагимова «23 сәуір -Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған 16-23 сәуір аралығындағы апталықтың жұмыс жоспарымен таныстырып, атқарылып жатқан жұмыстары бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті.Семинар жоспарланған деңгейде жоғары дәрежеді өтті, қатысқан кітапханашылар өз жұмыстарына пайдаланатындай көптеген қажетті ақпараттар алды. Үздік жұмыс көрсеткен кітапханашылар аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/985693?lang=kk

Жауап қалдыру