Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов «Зерде» фармацевтикалық компаниясының өкілі Карпенко Сергей Вячеславовичпен кездесті.
Кездесу барысында аудан басшысы Төлеби ауданының әкімдігі, аудан прокуратурасы және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалымен бірлесіп инвесторларға қолайлы жағдай жасау, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, негізсіз кедергілер мен бюрократизмнің алдын алу бойынша нақты жұмыстарды бастап кеткенін айтты. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын құру, салық түсімдерін ұлғайту мақсатында 100 гектар жер телімін индустриялды аймақ құрылып, Киелітас елді мекені аумағынан өндірістік парк құрылысын жүргізу жоспарланғанын түсіндірді.
Инвестор өз кезегінде «Зерде» ЖШС – ел нарығындағы фармацевтикалық өнімдердің ірі дистрибьюторларының бірі. Және жоғары сапалы, қолжетімді дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың кең ауқымын ұсынатынын айтып, жетістіктері мен алдағы жоспарларын таныстырды.
Төлеби ауданы аумағынан компанияның зауыт құрылысын бастауды жоспарлаған мекеме өкілімен келіссөздер жүргізілді. Бұл бағытта заң аясында тиісті жұмыстар атқарылады.
Жауап қалдыру