КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕ ІЗІМЕН

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
✅ Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов өзінің аудан халқымен кездесулерінде, жеке қабылдауларында жиі айтылып жүрген Жаманжар каналының жай-күйімен танысу мақсатында Аққұм ауылдық округіне арнайы іс-сапармен барды.
↪️ Сапар барысында «Бекшеге» шаруа қожалығы аумағынан өтетін 3.2 шақырымды құрайтын каналды тазарту жұмыстарына куә болып, бұл мәселеге қатысты тұрғындардың пікірін тыңдады.
✅ Еркін форматтағы кездесу барысында сала мамандарының, осы мәселеге қатысты арызданып жүрген азаматтардың ұсыныстары, шағымдары сараланып, шешім қабылданды.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/987769?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді