
СҚО Полиция департаментінде ПД аппараты мен Петропавл қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері үшін ерекше сабақ өтті. Тәжірибелі маман, клиникалық психолог Резеда Баймухаметова қызметкерлерге зияткерлік ойын өткізді, оның барысында олар құмар ойындарына тәуелділіктің ерекшеліктері мен оның адам бойында бар-жоғын анықтауға болатын белгілері туралы білді.
Мысалы, егер адам «сырғанау» (ірі джекпот), «тильт» (ойын кезінде өзіне-өзі ие бола алмау), «ағызу» (жаппай ұтылу), «айналдыру» (ойын автоматында немесе сәттілік дөңгелегінде айналу, ойындағы раунд), «бонус» (ойын автоматтарындағы бонустық раунд) сөздерін қолданып сөйлесе, онда ол адамнан қауіптену керек.
Мінез-құлықтың өзгеруі, өз міндеттерін елемеуі, бұрынғы әуестенген ісіне қызығушылықтың болмауы, жиі-жиі қарызға ақша сұрау – бұл да адамға психологтың көмегі қажет болуы мүмкін екендігі туралы туыстары немесе басшыларына хабарлауға себеп болып табылады. Тәуелділіктің кез-келген түрі сияқты, тәуелді адам маманға неғұрлым ертерек жүгінсе, соғұрлым тез емделу ықтималдығы жоғары болады.
Зияткерлік сайыста қатысушылар дипломдармен марапатталды. Полицейлер жұмыс барысында әртүрлі адамдармен кездеседі. Сондықтан белгілі бір мінез-құлықтың туындау себептерін жақсы түсінуі керек. Бұл «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттырады. Осыған ұқсас сабақтарды болашақта да өткізу жоспарлануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/985545?lang=kk

Жауап қалдыру