«Ономастика және көрнекі ақпарат: міндеттер мен ұсыныстар» тақырыбындағы өңірлік көшпелі семинарға -мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға жауапты құрылым өкілдері, облыстық ономастикалық комиссияның мүшелері мен этнограф ғалым жалпы тіл жанашырлары қатысты.
Семинар -тренингте:
«Тарихи топонимдердің жасалу жолдары»
«Тіл заңдылығын бұзудағы жауаптылық» тақырыптарында -Қарағанды облыстық ономастикалық комиссияның мүшесі,этнограф, топонимикалық еңбектердің авторы – Т.Аршабеков және облыстық «Қазақ тілі және мәдениеті қоғамы» ҚБ төрағасы, заң ғылымдарының кандидаты Е.Серімов сөз қозғады.
Ал,Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ономастика, сараптама және қоғамдық ұйымдармен байланыс бойынша бас маманы Г.Темірғалиева,А.Бөгенбаева
«Ономастика саласындағы жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері мен енгізілген өзгерістер”
«Көрнекі акпарат пен жарнамадағы өзекті мәселелер» тақырыптарында баяндама жасады.
Ономастика саласына қатысты кей мәселелерді көшпелі семинар форматында талқылау, елді мекендерде жер-су атауларына қатысты келелі мәселелерді ұтымды шешуге септігін тигізуде.
Жауап қалдыру