
Қызылорда облысы ТЖД “Батыр тайм кидс” құрамасының жас спортшылары Ресей Федерациясы Мәскеу қаласында 2025 жылғы 25-28 сәуір аралығында өткен өзін-өзі қорғау (самооборона) “Достық кубогі” чемпионатына қатысты. Олар қатысып қана қойған жоқ, сонымен бірге өздерінің спорттық-кәсіби шеберлігін көрсетіп, қарсыластарынан озық шықты. Яғни, Орынбасар Төремұрат 14-15 жас аралығындағы қатысушылардың ішінде 70 келі салмақ дәрежесі бойынша екінші орынды иемденді. Ал, Махшат Нұрдәулет 16-17 жас аралығындағы қарсыластарының ішінде 60 келі салмақ дәрежесі бойынша екінші орынға лайықты деп танылды.
Әлем кубогіндегі жүлделі орындарыңыз құтты болсын, жас спортшылар!
Қызылорда облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/985549?lang=kk

Жауап қалдыру