
1 мамырда еліміз тамаша мереке – Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Осы күні қаламыздың Этнопаркінде қосымша білім беру ұйымдары “Бірлігі жарасқан – Қазақстан” атты концерттік бағдарлама өткізді. Мерекелік бағдарламаны “Жұлдыз” балалар өнер мектебінің – “Мұрагер” домбырашылар ансамблінің 200 оқушысы “Тепеңкөк” күйімен ашты.
Бағдарламада шығармашылық ұжымдардың жарқын өнерлері, жеке орындаулар мен түрлі халықтың мәдени мұрасын бейнелейтін би қойылымдары ұсынылды. Бұл мереке – бірлікте күш, ал татулықта – болашағымыз бар екенін еске салады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/oouk/press/news/details/987990?lang=kk

Жауап қалдыру