
2025 жылы 2 мамыр күні Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы өтті.
Отырысты облыстық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының басшысы Нұрпейіс Мизанбайұлы Сәрсенбай ашты.
Жұмыс тобының басшысы облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерін таныстырып, күн тәртібін бекітті.
Күн тәртібіне сәйкес Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің төрағасын сайлау өтті.
Көпшілік дауыспен Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып Жүсіпов Бекмұрат Қыдырбайұлы сайланды.
Жүсіпов Бекмұрат Қыдырбайұлы 1965 жылы Маңғыстау облысында туған.
Білімі – жоғары, Қазақ химия-технологиялар институты (1989) – автоматтандыру инженері;
Алматы Менеджмент университеті – іскерлік басқару магистрі.
1989-1994 жылдары аралығында Ақтау қаласындағы пластмасса зауытында контролды-өлшеу приборлары және автоматика цехының бөлімше бастығы;
1994 жылдан бастап 2011 жылға дейін жеке кәсіпкер, “Мантеком” ЖШС директоры;
2011-2017 жылдар аралығында Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы (төрағасы);
2017-2018 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары;
2020-2022 жылдары Маңғыстау облысының жобалық кеңсесінің басшысы;
2022 жылдан бері “Caspian investments” инвесторлар ассоциациясы” ЗТБ Басқарма төрағасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mangystau-oblysy/press/news/details/988276?lang=kk
Жауап қалдыру