Абай облысының діни бірлестіктері арасындағы волейбол жарысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 30 сәуір күні Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Абай облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен діни бірлестіктер арасындағы волейбол жарысы өтеді.
Шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және конфессияаралық келісімді нығайту. Шараға Абай облысының діни бірлестіктер өкілдері қатысты.
Жарыстың бас төрешісі Мұратбеков Е.М. жарыс шарттары мен ойын ережесімен таныстырып, Абай облысы дін істері басқармасының басшысы Ысқақов С.А., Абай облысының денешыктыру және спорт басқарманың басшысынын орынбасары Бекбосынов Б.А. , Абай облысының бас имамының м.а.– Омаров Е.Д. , Абай облысының православие шіркеуінің өкілі, Священник Яганов Е.Е. алдағы келе жатқан мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жалпы турнирге Абай, Жарма, Бесқарағай аудандары мен Курчатов, Семей қалаларынан келген 15 команда қатысты. Турнир қатысушылары белсенділік пен достықтың жарқын үлгісін көрсетті. Жарыс нәтижесі бойынша І орынды – Абай Құнанбайұлы орталық мешіті, ІІ орынды – Жарма аудандық мешіті, ІІІ орынды – Тас мешіті иеленді. Сондай-ақ, үздік ойыншы және үздік үйлестіруші номинациялары табыс етіліп, жеңімпаздан бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-din/press/news/details/988028?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді