
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қостанай облысы бойынша өкілі ағымдағы жылы 24 сәуірде мониторинг жүргізу мақсатында өмір бойы бас бостандығынан айырғаны үшін жазасын өтейтін Жітіқара қаласындағы №39 мекемеге барды.
Сапар аясында тұрғын үй ғимараттарын, коммуналдық-тұрмыстық объектілерді және шаруашылық қызмет көрсету отрядын аралады. Сондай-ақ, электрондық өтініштерді беру үшін терминалдардың жұмысы тексерілді.
Сонымен қатар, жазасын өтеп жүрген азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, тиісті түсіндірмелер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kostanay-oblysy/press/news/details/988060?lang=kk
Жауап қалдыру