
Жеңістің 80 жыл толуына орай, «Ұлан» әскери-патриоттық аудандық сайысы өтті. Бұл шара жастардың патриоттық сезімдерін оятып, әскери білімдерін арттыруға бағытталған. Сайысқа «Жас Сарбаз» сыныптары мен 10-11 сынып оқушылары қатысып, өздерінің әскери дағдыларын, командалық жұмысын және патриоттық рухын көрсетті.
Сайыс барысында қатысушылар түрлі әскери тапсырмаларды орындап, тактикалық және стратегиялық ойлау қабілеттерін сынады. Сонымен қатар, олар тарихтан Ұлы Отан соғысы туралы білімдерін көрсетіп, еліміздің батырларын еске алады.
Мұндай іс-шаралар жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, жауапкершілікті және патриотизмді қалыптастыруға ықпал жасайды. Сайыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly/press/news/details/989515?lang=kk
Жауап қалдыру