
Қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев көшпелі кеңес аясында Ақмола көшесіне барып, жергілікті тұрғындармен кездесті.
Кездесу барысында тұрғындар жолдың сапасын және көшенің жарықтандырылмағанын жеткізді.
«Бұл көшедегі жол мен жарықтандыру мәселесі ұзақ уақыттан бері көтеріліп келеді. Тұрғындардың ұсыныстары негізінде тиісті шаралар қолға алынды. Жөндеу жұмыстары бекітілген жоспарға сай жүргізіліп, биыл шешімін табады», – деді Бекжан Бапышев.
Кеңес нәтижесінде алдымен көшені тегістеу жұмыстары жүргізілетін болды. Ал жол жұмыстары аяқталған соң, көшеге жарық жүйесі қосылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/988987?lang=kk
Жауап қалдыру