
Ақтөбе қаласындағы «SkyPark» балалар ойын-сауық орталығында Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментіне бағынысты бөлімшелердің жеке құрамының жедел-тактикалық даярлығын жетілдіру мақсатында өрт-тактикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Оқу-жаттығу барысында шартты өртті сөндіру, адамдарды эвакуациялау және зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету шаралары пысықталды. Іс-шараға Өрт сөндіру қызметі, Апаттар медицинасы орталығы және Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қатысты. Негізгі, арнайы және көмекші техника жұмылдырылып, кезекші ауысымдардың жеке құрамы қойылған шартты тапсырманы толық және уақтылы орындады. Жаттығудың басты мақсаты – жеке құрамның үйлесімді әрекет ету дағдысын жетілдіру, шұғыл жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету және практикалық машықтарды нығайту.
Ақтөбе облысының ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-aktobe/press/news/details/988574?lang=kk
Жауап қалдыру