Ақтөбеде Жеңістің 80 жылдығы мен Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай «Мерген сарбаз – 2025» сайысы өтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 

5-6 мамыр күндері Ақтөбеде пневматикалық мылтықпен ату бойынша облыстық «Мерген сарбаз – 2025» сайысының іріктеу кезеңі өтуде. Бұл жарыс – Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған. Шара еліміздің ерлікке толы тарихына тағзым ретінде өтіп, ұрпақ сабақтастығын айшықтайтын маңызды оқиғаға айналды.

Жарысқа Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарындағы мектептерден 52 оқушы қатысып, 10 командаға бірікті. Сайыс 10 метр қашықтықтан ашық көздеуі бар пневматикалық мылтықпен оқ ату түрі бойынша өтуде. Қатысушылар мергендік пен шыдамдылық танытып, үздік атануға бар күштерін салуда.

Жеңімпаздарға диплом, кубок және медальдар табысталады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Мерген сарбаз – 2025» сайысы – бұл жай ғана жарыс емес, жас ұрпақтың батырлар ерлігін тануына, шеберлігін шыңдауына және достық байланыстарын нығайтуға жол ашатын маңызды алаң.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/989405?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді