Аса қауіпті инфекциялар анықталған жағдайда әрекет ету бойынша семинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының» маманының қатысуымен семинар ұйымдастырып, өткізді.

Семинар барысында екі негізгі тақырып қаралды:

  1. «Жолаушылар поезының вагонында және әуе кемесінде аса қауіпті инфекцияға күдікті науқасты анықтау кезіндегі іс-қимыл алгоритмі»;
  2. «Қазақстан Республикасындағы және дүниежүзіндегі аса қауіпті инфекциялар бойынша 2024 жылғы және 2025 жылдың I тоқсанындағы эпидемиологиялық ахуал».

Іс-шараның мақсаты — аса қауіпті инфекциялармен байланысты жағдайларда жедел әрі тиімді әрекет ету бойынша мамандардың білімін жетілдіру және тәжірибе алмасу.

Семинар барысында қатысушылар теориялық білімдерін жетілдіріп қана қоймай, нақты практикалық мысалдар арқылы аса қауіпті инфекцияларға байланысты жағдайларда дұрыс әрі жедел әрекет ету жолдарын талқылады. Сонымен қатар, халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, алдын алу шаралары мен диагностика, оқшаулау, тасымалдау тәртіптері бойынша ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/987941?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді