
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығында Астанадағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевты еске алу рәсімі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараны Астана қаласының Алматы аудандық ардагерлер кеңесінің өкілдері ұйымдастырды. Оқушыларға Ұлы Отан соғысының батыры Рақымжан Қошқарбаевтың 1945 жылы 30 сәуірде жауынгер Григорий Булатовпен бірге Рейхстагқа қызыл ту тіккен ерлігі туралы айтылды.
«Бұл есте қаларлық оқиға осыдан тура 80 жыл бұрын болды. 30 сәуірде ардагерлер кеңесінің мүшелері жас ұрпаққа Рахымжан Қошқарбаевтың ерен ерлігін, оттың ортасында майдандас әріптесімен бірге мақсатқа қалай қадамдар жасағанын еске түсірді», – деді ұйымдастырушылар.
Мектепте өткен кездесуде «Елорда» хорының солистері кездесу тақырыбына сай бірнеше шығарма орындады. Алматы ауданының ардагерлер кеңесі Жеңіс күніне орай Астананың тағы бір мектебінде осындай шара өткізеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/988197?lang=kk
Жауап қалдыру