Атырау Жастар театры халықаралық фестивальде топ жарды!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылордада өткен КСРО халық артисі Сәбира Майқанова атындағы
“Сырдың Сәбирасы – I” халықаралық театр фестивалінде
Атырау Жастар театры жүлделі 1 орынды иеленді!

Ұжым Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының 70 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шарада
Смағұл Елубайдың “Ақ боз үй” романының желісімен қойылған
“Хансұлу” перформансын сахналап, көптің ықыласына бөленді.

Фестивальге Грузия, Румыния, Қырғызстан елдерінен және Қазақстанның басқа да өңірінен келген 11 театр қатысты. Айта кетерлігі, олардың басым көпшілігі 70-80 жылдық тарихы бар кәсіби театрлар.

Атырау Жастар театрының
мәртебесі арта берсін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet/press/news/details/989422?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді