«Карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 87 қаулысына және карантинді арамшөп- қызғылт у кекіре ошақтарын шектеу, оқшаулау және жою жөніндегі бекітілген іс- шаралар жоспарына сәйкес мынадай жұмыстарды атқару қажет:
- Карантинді объектілердің тұқым материалдарын ( өсімдік карантині бойынша инспекторға өнім үлгілерін ұсыну) тиянақты жете тексеру
- Қызғылт у кекіре ошақтарының алаңдарын белгілеу .
- Механизаторлар ошақтар бойынша егістік алаңында себу жұмыстарына жол бермеу туралы түсіндірме жұмысын өткізу.
- Арамшөптің 2- 3 жапырағы өскен кезде үнемі механикалық өндеу және алаңдарының жерін жырту жұмыстарын жүргізу.
- Химиялық өндеу жұмыстарын өткізу.
Аталған тармақтарды орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мүмкін.!!!
«Өсімдіктер карантині» Заңының 18- тармағына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі және (немесе) жер пайдалануындағы жер учаскелерінде карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрлігі
Агроөнеркәсіп кешеніндегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Денисов аудандық аумақтық
инспекциясының басшысы Ж.Абдикаликов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-audany-akimat/press/news/details/989595?lang=kk
Жауап қалдыру