
Құланды ауылында Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай жерлес ардагерлеріміз – Әли Досбергенов, Мәжекен Жарылғасов, Ізберген Құрманбаев, Ұйқасбац Аязбаев, және Құлбалай Бекенбаев аталарымыздың құрметіне арналған бокстан облысық турнир өтті.
Жарысқа 2011-2014 жылдары туған кіші жасөспірімдер қатысты. Түркістан облысынан, Шымкент, Ақтау, Жаңаөзен қалалары және Бейнеу, Қарақия, Мұнайлы, Түпқараған аудандарынан келген командалар өзара бақ сынасты.
Турнирдің ашылу салтанатында Қарақия ауданы әкімінің орынбасары Санат Төкенов құттықтау сөз сөйлеп, жас спортшыларға сәттілік тіледі. Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, патриоттық рухта өтті.
Бұл турнир – жас ұрпақтың батыр бабалар рухына тағзым етіп, олардың ерліктерін мәңгі есте сақтау жолындағы маңызы зор шара болды.
Батырлар рухына тағзым – бүгінгі ұрпақтың қасиетті парызы.
Құланды ауылы әкімшілігі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-karakiya-kulandy/press/news/details/988071?lang=kk
Жауап қалдыру