
2025 жылдың 2 мамыр күні Тарбағатай аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссия отырысы өтті. Бірлескен тұрақты комиссия отырысын «Агроөнеркәсіп кешені мен кәсіпкерлікті дамыту және бюджет мәселелері бойынша» тұрақты комиссиясының төрағасы Ж.Тұрабаев жүргізді.
Күн тәртібінде 8 мәселе қаралды.
1.Тарбағатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №24/2-VIII « 2025-2027 жылдарға арналған Тарбағатай ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
2.Тарбағатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамыздағы «Тарбағатай ауданы әкімдігі жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы» №18/10-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
3.Тарбағатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 шілдедегі «Тарбағатай ауданы әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы» №16/14-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
4.Тарбағатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамыздағы «Аудан әкімі жанындағы жастар мәселесі жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы» №18/11-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
5.Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 10 ақпандағы «Жер комиссиясын құру туралы» №23 қаулысы бойынша жер комиссиясының құрамын бекіту туралы;
6.Тарбағатай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясын құру туралы» №30/9-VII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
7.Тарбағатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы «Тарбағатай ауданы бойынша шекара мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамын бекіту туралы» №13/11-VII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
8.Тарбағатай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы «Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомстворалық комиссия құру туралы» №30/10-VII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссия отырысында қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-maslihat/press/news/details/988322?lang=kk
Жауап қалдыру