
Бүгін Қазақстанда Халық бірлігі күні – біздің үлкен көпұлтты елімізде өмір сүретін түрлі этностардың өкілдері арасындағы достықты, келісім мен құрметті бейнелейтін мереке атап өтілді. Биыл 1 мамыр Қазақстан халқы Ассамблеясының негізі құрылғанына 30 жыл толуымен тұспа-тұс келді. Бұл ұйымның басты мақсаты – бейбітшілікті, келісім мен достықты сақтау, ұлтаралық қатынастар мәселелерін шешу және ел бірлігін нығайтуда маңызды рөл атқарады.
Жітіқара тұрғындары үшін Халық бірлігі күні – сүйікті мерекелердің бірі – дәстүр бойынша қала тұрғындары қаланың басты алаңында жиналып, бір-бірімен қауышып, көркемөнер шығармашылығы әртістері паш еткен алуан түрлі шығармашылық нөмірлерін тамашалайды. Аудандық Мәдениет сарайының фойесінде «Бірлік бар жерде тірлік бар!» тақырыбында қолданбалы шеберлік бұйымдарының көрмесі орналастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/988648?lang=kk
Жауап қалдыру