Департаменттің барлық қызметкерлері арасында «Ойын құмарлық қоғам дерті» атты семинар өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген Әдеп жөнінідегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарында көзделген іс-шараларды орындау мақсатында ағымдағы жылдың 28сәуір күні Атырау облысы Әділет департаментінің басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Г.Кыстаубаеваның төрағалығымен, Атырау қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция подполковнигі Қ.А. Дюсенгалиев, «Жаңа өмір» психологиялық қолдау орталығының басшысы Н. Нұрғалиев және маманы Т.А. Агисовтың қатысуымен департаменттің барлық қызметкерлері арасында «Ойын құмарлық қоғам дерті» атты семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты- ойын мекемелеріне баруымен немесе ақшалай өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойының құрығына түсіп, құтылар жол таба алмай жатқандарының санын азайту, құмар ойындардың жастарға, қоғамға, мемлекеттік қызметшілерге әкелетін зардабы мен кері әсерін түсіндіру және қоғам дертіне айналып келе жатқан лудомания және оның салдарының алдын алу болып табылады.
Семинар соңында сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныстар енгізіліп, талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/988278?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді