Мамыр айының алғашқы күндері Төлеби ауданы, Бірінші Мамыр елді мекеніндегі Төлеби спорт кешенінде кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында дзюдо күресінен республикалық турнир өтуде.
Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған турнирге Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент және Түркістан облысының барлық аудандарының жас спортшылары қатысып, бақ сынауда.
Жарысқа 800 ден астам спортшы қатысып, өз шеберліктерін көрсетуде. 33 салмақ дәрежесінде белдескен спортшылардың төрешілер әділ бағасын беріп, әр қимылына мұқият назар аударып отыр.
Еліміздің әр өңірінен келген үздік балуандардың қатысуымен өтіп жатқан республикалық деңгейдегі жарыс еліміздің болашақ чемпиондарын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жарыс – тек жүлде үшін ғана емес, ел намысын қорғауға лайық спортшыларды іріктеу алаңы. Сонымен қатар, дзюдоның тәртіпке, төзімділікке және құрметке тәрбиелейтінін көрсететін маңызды спорттық шара болып саналады.
Жарыс қорытындысымен жеңімпаздар медаль, кубок және арнайы дипломмен марапатталады.
Жалпы аудан бойынша спорттың 20 түрінен 396 топта, 144 жаттықтырушы 4986 балалар мен жасөспірімдерге дәріс береді.
Соның ішінде қазіргі таңда ауданымыздағы спорт мекемелерінде дзюдо күресінен
18-жаттықтрушы 42-топта
624-жасөспірімге жаттығу сабақтарынан білім беруде.
Жауап қалдыру