
Түркістан қаласы әкімдігінде қала әкімі аппаратының басшысы Қ.Әлібековтың төрағалығымен Е-өтініш ақпараттық жүйесі мен бірыңғай құжат айналым жүйесінде тіркелген арыз-шағымдардың орындалу тәртібіне қатысты жиыны өтті.
Жиын барысында мемлекеттік органдар мен коммуналдық мекемелер тарапынан жіберілген бірқатар кемшіліктер атап өтіліп, олардың себептері мен шешу жолдары қарастырылды.
Сонымен қатар, Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекстің талаптары кеңінен түсіндіріліп, азаматтардың өтініштеріне уақтылы әрі сапалы жауап беру – әрбір мемлекеттік қызметшінің басты міндеттері түсіндірілді.
Жиынға қаладағы мемлекеттік мекемелердің басшылары, оларға бағынысты коммуналдық кәсіпорындардың директорлары мен жауапты қызметкерлері қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/988846?lang=kk
Жауап қалдыру