Химия өнеркәсібінің өсуі мемлекеттік қолдау және жаңа жобалар есебінен қамтамасыз етіледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында химия және мұнай-химия саласын дамыту мәселесі қаралды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, бүгінде химия өнеркәсібінің өңдеу өнеркәсібі құрылымындағы үлесі 4,6%-ды құрайды және ауыл шаруашылығы, металлургия, құрылыс материалдары өндірісі сияқты салалардың дамуына оң әсер етеді.

«Жылдың тоқсандық қорытындысы бойынша өнім көлемі 12,5%-ға өсіп, 406 млрд теңгені құрады. Осы жылы өндіріс көлемін 5%-ға арттыру көзделген. Жоспар бойынша өсім биылғы іске асырылатын жобалар және тыңайтқыштар мен фосфорды 13%-ға, натрий цианидін 15%-ға, полипропилен өндірісін 32%-ға арттыру арқылы іске асырылатын болады»,

— деді ол.

Жыл қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 7,7%-ға өсіп, 1,1 трлн теңгеден асты. Саланың негізгі кәсіпорындары ішкі сұраныстың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді және экспорттық әлеуетті дамытады.

Жалпы, министр атап өткендей, соңғы бес жылда сала жыл сайын орта есеппен 5%-ға өсумен тұрақты оң динамиканы көрсетіп отыр. Бұл – отандық өндірушілердің жүйелі жұмысы мен мемлекет тарапынан қолдаудың нәтижесі.

 

Дереккөз: Primeminister.kz

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/989230?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді