КЕЛЕС – МӘДЕНИЕТ ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ ОРДАСЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
КЕЛЕС – МӘДЕНИЕТ ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ ОРДАСЫ
 
Келес ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. 1 Мамыр – түрлі этнос өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, достық пен өзара құрметтің үлгісін көрсетіп келе жатқанын дәлелдейтін маңызды мереке. Осы орайда, Біртілек ауылдық округіне қарасты Шұқырсай елді мекенінде “Бірлік – береке бастауы” атты кең көлемді мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – ел ішіндегі достық пен ынтымақты нығайту, халықтар арасындағы мәдени алмасуды дәріптеу болып табылады. Мереке аясында “Дәмді FEST” тағам фестивалі өтіп, “дәстүр мен дәм” тақырыбында түрлі ұлт тағамдарын дайындаудан сайыс ұйымдастырылды. Бұл шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орайластырылып, көпшілікке еліміздегі мәдени әртүрліліктің байлығын тағы бір мәрте көрсетті.
 
Шараға Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, аудан прокуроры Нұрлан Ешенқұлов, аудан әкімінің орынбасарлары, зиялы қауым өкілдері, этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілері мен жергілікті тұрғындар қатысты.
 
— Бірлік пен өзара түсіністік – еліміздің ең басты байлығы. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойымен және 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын. Ынтымақ пен бірлік әрқашан ел тыныштығының кепілі болып қала береді. Ел аман, жұрт тыныш болсын, – деді аудан басшысы өз құттықтауында.
Мерекелік шара аудандық мәдениет үйінің дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Жас өнерпаздар түрлі ұлттардың мәдени мұраларын сахнада паш етіп, көрермендерді ерекше әсерге бөледі. Концерттік бағдарламада ұлттық билер мен әндер шырқалып, татулықтың тіні мықты екенін дәлелдеді.
Сондай-ақ, іс-шара барысында бейбітшіліктің символы саналатын ақ көгершіндер көкке ұшырылып, бұл күннің маңыздылығы ерекше атап өтілді. Мереке ұлттық спорттық ойындармен түйінделіп, жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Халықтың бірлігі мен ынтымағы – мемлекетіміздің берік іргетасы екенін тағы да дәлелдеген мерекелік жиын көптің көңілінен шықты.
 
 
✔️ Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/987902?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді