Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы алу құқығы мен мөлшері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224 Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 187-бабының 1 тармағына сәйкес- күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген шетелдіктерге беріледі.

Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға тікелей күтім жасайтын адамға онымен туыстық байланысына қарамастан күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы тағайындалады.

Отбасында бірінші топтағы мүгедектігі бар екі және одан да көп адам тұратын жағдайда күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы олардың әрқайсысы үшін тағайындалады және төленеді.

Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға бірнеше адам күтім жасаған жағдайда күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы осы адамдардың біреуіне тағайындалады және төленеді.

Бірінші топтағы мүгедектігі бар адам және күтім жасайтын адам бір елді мекенде тұруға тиіс.

Сотталған адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бірінші топтағы мүгедектігі бар бір адамға ғана күтім жасай алады.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға тек қана бір сотталған адам күтім жасай алады.

Әлеуметтік кодекстің 188-бабына сәйкес, күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы ай сайын бюджет қаражаты есебінен 1,61 ең төмен күнкөріс (ең төмен күнкөріс деңгейі 2025 жылғы- 46 228 теңге.) деңгейі мөлшерінде  төленеді.

Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/988089?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді