
Тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің жетекші маманы Байсалбаева А.А. Д.Қонаев атындағы Университетінің студенттерімен «Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген неке-отбасы қатынастарындағы құқықтар мен міндеттер» тақырыбында конкурс форматында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттерін терең түсіндіру, сондай-ақ неке-отбасы қатынастарындағы өзекті мәселелерді талқылау болды.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар отбасылық құқық саласындағы түрлі жағдайларды талқылап, практикалық тапсырмалар орындап, заңнамалық актілерге сүйене отырып өз пікірлерін қорғады. Іс-шара студенттердің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті және жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-almaty/press/news/details/988024?lang=kk

Жауап қалдыру