
Ағымдағы жылдың 17 сәуір күні Атырау облысы Әділет департаменті басшысының м.а. Г.Кыстаубаеваның төрағалығымен Атырау облысы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы Л. Әлиева және жеке нотариустар Л. Лайкованың, Ж.Джолдасбаеваның қатысуымен аудандардың ауылдық округ әкiмдері аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасау лауазымына жаңадан тағайындалған және нотариаттық іс-әрекеттер жасау құқығы қайта берілген лауазымды тұлғаларымен нотариаттық іс-әрекеттерді куәландыру бойынша қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында семинар өткізілді. Семинар барысында осы салада нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар және ҚР Әділет Министрінің 2012 жылдың 31 қаңтарда №31 бұйрығымен бекітілген «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау Ережесінің» және №32 «Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі Ережесінің» талаптары талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/988201?lang=kk
Жауап қалдыру