
2025 жылдың 30 сәуірінде ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев Байзақ ауданы әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі отырысына қатысты.
Отырысқа облыстық және аудандық комиссия мүшелері, құқық қорғау органдары, емхана дәрігерлері мен мүдделі басқарма басшылары қатысты.
Отырыс барысында Байзақ ауданының кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының 2025 жылдың 4 айында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалып, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, суицидттің алдын алу, балалардың ата-ананың бақылауынсыз қалмауы, олармен тәрбие бағытындағы жұмыстарды күшейту және ата-аналардың балаларға қатысты жауапкершілігі, т.б. мәселелер көтерілді.
Кеңес барысында Байзақ ауданда орын алған резонансты оқиғаларға қатысты нақты шаралар қабылдап, бақылау, алдын алу жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Сонымен қатар, полиция бөлімінде есепте тұрған, өгей әке, өгей шешелермен тұратын «Жайсыз отбасы» есебіне алынған отбасыларда тәрбиеленіп отырған балаларға профилактикалық жұмыстар жүргізу, мектеп психологтарының жұмысын жетілдіру мәселелері қозғалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-zhambyl-oblysy/press/news/details/987965?lang=kk
Жауап қалдыру