ӨНЕРІҢДІ ТУҒАН ХАЛҚЫҢА АРНА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

🔰Білім – адамзат өркениетінің ең ұлы жетістігі. Ал сол білімнің терең де, жан-жақты болуына ықпал ететін қосымша білім беру саласының орны ерекше. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында «Ел атын әлемге танытып жүрген жастар ұлттың рухын жаңғыртуда» деп атап көрсетті. Сарысу ауданы білім бөліміне қарасты 48 мекеме жұмыс жасауда. Оның ішінде 27 мектеп, 9 қосымша білім беру ұйымдары, 11 балабақша (8 мемлекеттік, 3 жекеменшік нысанда) және 1 Психологиялық педагогикалық түзету кабинеті бар.
Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында аудан бойынша 9 қосымша білім беру мекемесі 5 бағытта 82 үйірмеге 3806 оқушы қатысуда. 5 қосымша білім беру мекемелерінің филиалдары 14 мектепте 910 оқушымен 3 бағытта 6 үйірме жұмыс жасайды.

🔰Бүгін аудандық мәдениет үйінде «Өнеріңді туған халқыңа арна» атты 2024-2025 оқу жылының есеп беру концерті өтті. Мәдениет үйінің алаңында өнерлі балалардың түрлі көрмелері ұсынылды. Көрмедегі балалардың жасаған қолөнер, сурет өнерлері келушілердің назарын еріксіз аударды.

🔰Салтанатты шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов қатысып, құттықтау сөз сөйледі: – Білім – ақыл мен парасаттың белгісі болған асыл қазына. Білімді болу алдымызда тұрған үлкен белестеріміз бен мақсаттарымыздың биік шыңы болып саналады. Білім нәрімен сусындаған адамзат рухани тұрғыда көптеген жетістіктерге қол жеткізеді әрі жаңашылдық ашуға қабілетті болады, – деді. Мұнан соң аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков пен аудандық білім бөлімінің басшысы Жуаныш Жарықбасов та сөз сөйлеп, ізгі тілектерін ағытты. Ауданның білім саласына қосқан үлестері үшін бірқатар азаматтар аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың, аудандық білім бөлімінің және “AMANAT” партиясы аудандық филиалының Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарымен марапатталды.

🔰Шара концерттік бағдарламаға ұласып, Ықылас Дүкенұлы атындағы қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің, Жаңатас қалалық өнер мектебінің, домбырашылар ансамблінің өнерпаздары өнер көрсетіп, көпшіліктің үлкен қошеметіне ие болды. Шара басында аудан әкімі Сәкен Үмбетұлының атынан қосымша білім беру қызметкерлеріне арналған «Ықылас» гүлі тарту етілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu/press/news/details/988344?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді