
Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шара өтті. Округ әкімі барлық қатысушыларды мерекемен құттықтады! ” Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде Ассамблея ұлттық татулық пен қоғамдық келісімнің берік арнасына айналып, ел дамуының ажырамас бөлшегіне, тұрақтылықтың темірқазығына айналды. Облысымызда сан түрлі этнос өкілдері бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай тату-тәтті ғұмыр кешіп, туған жердің өркендеуіне үлес қосып келеді. Бұл — біздің мақтанышымыз, берекелі бірлігіміздің айғағы. «Береке бастауы — бірлік, ырыс алды — ынтымақ» деген дана халқымыздың сөзін ұстана отырып, ұлтымыздың ұйытқысы болып, ел арасындағы татулық пен тұрақтылықты сақтау — әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Ортақ Отанымыздың көк байрағы әрқашан биікте желбіреп, Тәуелсіздігіміз баянды болсын!”

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-karatal/press/news/details/988092?lang=kk
Жауап қалдыру