
2025 жылғы 2 мамырда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (ҚР ҚМ МКК ОӘО) мен Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Кеден комитетінің Кеден институты (ӨР ЭҚМ КК КИ) арасындағы ынтымақтастық аясында «Кеден қызметкерлерінің қызметінде туындайтын күйзелістер мәселесі және оларды еңсеру жолдары» тақырыбында онлайн-дәріс өтті.
Семинарға Өзбекстан Республикасының Кеден институтының курсанттары мен ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері қатысты.
Дәрістің мақсаты – кеден қызметкерлерінің кәсіби қызметінде туындайтын күйзелістердің табиғатын және негізгі себептерін ашу, олардың қызметтік тиімділікке әсерін талдау.
Семинарда дәріс оқығандар:
– Туракова Мадина Амантайқызы – ҚР ҚМ МКК ОӘО бас маманы;
– Файзуллаева Хуршида Анваровна – ӨР ЭҚМ КК КИ қайта даярлау және біліктілікті арттыру факультетінің психолог-сарапшысы.
Сондай-ақ, ҚР ҚМ МКК ОӘО-ның бас маманы Асылтасова Анар Жексембайқызы «Мемлекеттік құрылымдардағы конструктивті кері байланыс» тақырыбында баяндама жасап, конструктивті кері байланыстың маңызын атап өтті. Қатысушылардың өтініші бойынша бұл тақырыпты басқару құрамына да арнап ұйымдастыру ұсынылды, бұл көтерілген мәселелердің өзектілігін көрсетті.
Іс-шара сұрақ-жауап форматында өтіп, қатысушылар сарапшыларға сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Лекция қатысушылары кәсіби қызметтегі күйзеліс жағдайларын тиімді жеңуге және эмоциялық жүктемеге төзімділікті арттыруға көмектесетін құнды білім алды.
Осылайша, бұл дәріс қатысушылардың кәсіби білімін кеңейтіп қана қоймай, кеден қызметінде психологиялық төзімділік пен конструктивті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/989094?lang=kk
Жауап қалдыру