Оқушылардың суреттеріндегі жұмыс мамандықтар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінде жұмысшы мамандықтар жылына арналған облыстың көркемсурет мектептерінің, өнер мектептерінің оқушылары арасында акварель бояуы бойынша облыстық байқаудың қорытындысы шығарылды. Мақсаты – көркемдік және эстетикалық тәрбие, талантты балаларды қолдау, кәсіби бағдар.

Байқауға Ақтоғай, Железин, Аққулы аудандарының, Майқайын кентінің, Ақсу қаласының балалар өнер мектептерінің, Екібастұз, Павлодар қалаларының балалар көркемсурет мектептерінің, шығармашылық балалар үйінің, Ақсу қаласының А. Иманов атындағы лицей-мектебінің, Ямышев ЖОМ, Павлодар қаласының «Жігер» балалар-жасөспірімдер орталығының 41 оқушысы қатысты.

Байқау қорытындысы 3 жас ерекшеліктер бойынша қатысушылар арасында жүлделі орындарға ие болған І, ІІ, ІІІ дәрежелі 9 дипломанттарды марапаттау рәсімінде шығарылды.

Мәселен, 11 – 12 жас аралығында Аққулы ауданының «Ұста» жұмысы үшін І дәрежелі дипломмен Назирова Жансая, Ақтоғай ауданының «Наубайшы» жұмысы үшін ІІ дәрежелі дипломмен Александра Положенцева, Екібастұз қаласының «Сварщик» жұмысы үшін ІІІ дәрежелі дипломмен Елизавета Ишкова марапатталды.

13 – 14 жас аралығында І дәрежелі дипломмен Асқарова Саид «Аспанды ұстайтын желілер» жұмысы үшін,ІІ дәрежелі дипломмен Есимжанова Ляиля «Қаланы таза етейік» жұмысы үшін, ІІІ дәрежелі дипломмен Сембай Дінмұхаммед Майқайын кентінің «Майкаинзолото» жұмысы үшін марапатталды.

15 – 16 жас аралығында Ақсу қаласының «Сварщик» жұмысы үшін І дәрежелі дипломмен Баймолдин Нұрдәулет, ІІ дәрежелі дипломмен – Павлодар қаласының «Аспаз» жұмысы үшін Омаржанов Ерғанат, ІІІ дәрежелі дипломмен – Екібастұз қаласының «Реставрация» жұмысы үшін Нестеренко Елизавета марапатталды.

– Байқауға қатысушылар түрлі жұмысшы мамандықтары бейнеленген картиналар дайындап, акварель техникасының деңгейін көрсетті. Бұл техникада жазу оңай емес, ол белгілі бір дағдылар мен талаптарды қажет етеді. Ең бастысы, оқушылар қатысуға, өз қабілеттерін тексеруге бел буды, – дейді Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебі басшысының орынбасары Инна Владиславовна Масленникова.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/989099?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді