Орталық Азия елдерінің сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі Ұлттық комитеттердің 13-ші өңірлік кездесуі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

         Бішкек қаласы. 2025 жылғы 24-25 сәуір – ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Орталық Азия елдерінің сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі Ұлттық комитеттерінің (СРОҰК) 13 Өңірлік кездесуіне қатысты.

        Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және  Өзбекстаннан келген мемлекеттік органдардың, іскер топтардың, халықаралық ұйымдардың және даму бойынша әріптестердің өкілдері қатысты. Кездесу тәжірибе алмасу және сауда рәсімдерін оңайлату және өңірлік               ынтымақтастықты тереңдету мәселелері бойынша келісілген шешімдер әзірлеу үшін маңызды алаңға айналды.

        Сессиялар шеңберінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері кедендік транзитті цифрландыру және сауда рәсімдерін оңайлату саласындағы мүмкіндіктерін көрсете отырып, “Кеден” ақпараттық жүйесін ұсынды.

        “Кеден” жүйесі мемлекеттік қызметтерді ұсыну процестерін, оның ішінде рұқсат құжаттарын ресімдеуді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Жүйені енгізудің негізгі әсерлеріне кеден органдары жұмысының ашықтығын арттыру, кедендік операциялар мен құжат айналымының уақытын қысқарту, сондай-ақ олардың кезеңдерін онлайн-бақылау мүмкіндігі жатады.

        Кездесу Германия үкіметінің тапсырмасы бойынша Deutsche Gesellschaft für internationale Zusammenarbeit (GIZ) GmbH (Герман халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қоғамы) жүзеге асыратын “Орталық Азиядағы сауда рәсімдерін оңайлату” жобасының қолдауымен ұйымдастырылды.

        Жобаның мақсаты қазіргі заманғы цифрлық шешімдерді енгізуді және Ұлттық комитеттердің институционалдық әлеуетін арттыруды қоса алғанда, өңірде тиімді және ашық сауда ортасын құру болып табылады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/988308?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді