Қалалық кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Бүгін Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О.Каппасов  қалалық кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуде  бірқатар өзекті мәселелер талқыланды:

– еңбек тәртібін орындау;

– білім саласы қызметкерлері жалақысының уақытылы төленуі;

– білім саласы қызметкерлерінен түсетін ұсыныстар мен шағымдар талқыланып, шешімдерін табу.

Қызметкерлердің еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстары, сондай-ақ еңбек қатынастарын реттеу, ұжымдық және еңбек шарттарының талаптарының орындалуы, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін сақтау, мекемедегі жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытындағы жұмыстар талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-aqmola/press/news/details/988403?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді