
Қонаев даңғылы – Володарский көшелерінің қиылысы көлік қозғалысы үшін ашылды.
Қонаев даңғылының жалғасын салу жұмыстары аясында Володарский көшесі мен Қонаев даңғылының қиылысында автомобиль жолы өткелінің құрылысы жүргізілуде. Осыған байланысты Володарский және Рашидов көшелері көлік қозғалысы үшін ашық екенін хабарлаймыз.
2025 жылғы 2 мамырдан бастап жолдың ашылуына байланысты №6, №27, №57, №60, №84, №147 бағыттарындағы қоғамдық көлік маршруттары бұрынғы бағытымен қайта жүре бастайды.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/988646?lang=kk
Жауап қалдыру