Қостанай облысында жаңа туған нәрестелердің 91%-ы проактивті онлайн форматта рәсімделеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанай облысы әкімдігінің цифрландыру басқармасының басшысы Азамат Кашиев проактивті тәсілді азаматтардың өтінішін күтпей-ақ, мемлекет тарапынан қызметтерді автоматты түрде көрсетуге мүмкіндік беретін тиімді әдістердің бірі ретінде атап өтті.

— Бұрын балалы болған ана кем дегенде екі рет Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) барып, туу туралы куәлік пен жәрдемақы алу үшін өтініш беруі қажет болатын. Қазір бұл қажеттілік жойылды. Себебі бала дүниеге келген кезде мемлекет анаға SMS-хабарлама арқылы құттықтау жолдап, жауап ретінде баланың есімін көрсетуін сұрайды, — деді мемлекеттік мекеме басшысы. — Осы форматта көрсетілетін қызмет нәтижесінде баланың туу туралы куәлігі, ЖСН рәсімделіп, тиісті жәрдемақылар тағайындалады. Сонымен қатар, перзентханадан шыққаны туралы SMS арқылы патронаж медбикесіне хабарлама жіберіледі.

Өткен жылы республика бойынша жаңа туған сәбилердің 80%-ы дәл осы форматта рәсімделсе, Қостанай облысында бұл көрсеткіш 91%-ды құрады.Жалпы алғанда, электрондық мемлекеттік қызметтерді «eGov Mobile», Kaspi және Halyk сияқты мобильді қосымшалар арқылы алуға болады. Бұл платформаларда 83 түрлі қызмет пен цифрлық құжаттар қолжетімді. Олардың ішінде жеке куәлік, зейнетақы және жүргізуші куәліктері, паспорттар, сақтандыру полистері, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер, дипломдар және басқа да құжаттар бар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-akparattandyru-mem-kysmet/press/news/details/989522?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді