«Салт-дәстүрлер, келісім, қауіпсіздік – қазіргі қоғамның құндылықтары»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жітіқара ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері «Жітіқара аудандық БЖСМ» КММ спортшыларымен, «Жітіқара ауданының мүгедектер достастығы» ҚБ мүгедектігі бар тұлғаларымен, 11 шағын ауданындағы «Жастар» ПИТК еңбек ұжымымен, сондай-ақ ауданның өзін-өзі жұмыспен қамтушыларымен бірқатар кездесулер өткізілді. Кездесулердің мақсаты – республикадағы қауіпсіздік пен әлеуметтік үйлесімнің маңызды мәселелерін талқылау.      

Талқылаудың басты тақырыбы еліміздегі экстремизм, терроризм мен деструктивтік діни ағымдар таратуына жол бермеу жөніндегі алдын алу шаралары болмақ.                         

Іс-шаралар барысында қатысушылар экстремистік ұйымдар белгілерімен, сондай-ақ олардың әсеріне жол бермейтін нәтижелі әдістерімен танысты. Халық арасындағы тұрақтылық пен үйлесім үлгісі болып табылатын республикадағы этносаралық келісім мен бейбіт қағидаларын нығайту маңыздылығына ерекше назар аударылды.     

Топ мүшесі С.Ж. Актаеваның өткізілген іс-шараларда сөз сөйлеу кезінде республикамыз зайырлы мемлекет бола тұра, 100-ден астам этностардың қатар өмір сүруін көрсететіні белгіленді. Республикадағы мәдениет пен діндердің сан алуандығы – біздің басты құндылық пен күш-қуатымыз. Мемлекеттің барлық этностар өзінің салт-дәстүрлерін сақтай отырып, ауызбіршілікте өмір сүреді.    

Бүгінгі заманның сын-қатеріне қарсы тұруына мүмкіндік беретін құндылықты қолдау және нығайту ісін жалғастыру әрқайсысына маңызды.                                     

                                 

Материал Қостанай облысы ТҚК аппаратының

ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/989554?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді