Саран қаласында шағын футболдан турнир өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Саран қаласында шағын футболдан турнир өтті
Саран қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Отан қорғаушы күні және «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының 100 жылдығына орай Қарағанды облысы полиция бөлімшелері арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды. Айтулы мерекелерге арналған спорттық додаға облыстың әр өңірінен жиылған жиырма команда қатысты. Жеңіс пен абырой үшін талпынған футболшы-полицейлер турнир барысында нағыз тартысты ойын өрнегін көрсетті. Стадион эмоцияға толы болды. Командалар шеберліктерімен, тактикалық және стратегиялық ойлау қабілеттерімен, сондай-ақ жеңіске деген ынталарымен көзге түсті. Әр матч жанкүйерлерге жарқын сәттер мен әсерлі голдар сыйлап, футбол мерекесіне айналды. Трибуналардағы қолдау ерекше атмосфера тудырып, нағыз спорт рухын сезіндірді. Тартысты ойындардың нәтижесінде жеңімпаздар анықталды: Бас жүлде — Балқаш қаласының полиция бөліміне бұйырды. Команда бірлігі мен үйлесімді ойынымен ерекшеленді. Күміс медаль — Қарағанды қаласының патрульдік полиция полкіне табысталды. Ойыншылары жоғары жеке шеберліктерін көрсетті. Қола жүлде — Облыстық Полиция департаментінің арнайы және жұмылдыру дайындық басқармасына бұйырды. Жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды. Ал ерекше көзге түскен ойыншыларға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Турнир ұйымдастырушылары барлық қатысушылар мен жанкүйерлерге белсенділік танытқаны үшін алғыс білдіріп, іс-шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Мұндай спорттық іс-шаралар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің командалық бірлігін нығайтуға, физикалық дайындықты арттыруға ғана емес, сонымен қатар өңірде салауатты өмір салтын насихаттауға зор үлес қосады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/989783?lang=kk