САРЫАҒАШ: ШАЛҒАЙДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында ауылдық елді мекендерді дамыту, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту бойынша берілген тапсырмасына сәйкес  Сарыағаш ауданында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгін, ауданға қарасты Жылға  ауылдық округіндегі  Шеңгелді елді мекенінің  тұрғын үйлері көгілдір отынға қосылды. Осы ретте, аудан әкімі Арман Абдуллаев,Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Уалихан Рахиев, аудандық мәслихаттың  төрағасы  Рысбек  Асылбекұлы арнайы барып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Жүздесу барысында ауыл тұрғындары аудан басшысына өз ризашылықтарын білдіріп, ақсақалдар баталарын берді.

 

Жылға  ауылдық округіне қарасты Шеңгелді елді мекенінің тұрғын  үйлерін  көгілдір отынға  қосу үшін бюджеттен қаржы қаралып, құрылыс-монтаж жұмыстары  жүргізіліп, газ құбырлары  тартылды. Бүгінде, елді мекендегі  300-ден астам  отбасы  және әлеуметтік нысандар көгілдір отынмен қамтылды.

 

-Ауданда инфрақұрылым саласы бойынша бірнеше нысандардың құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Қазір шалғай ауылдарды электр желілерін тарту, газ, ауыз сумен қамту жұмыстары қарқынды жүруде. Солардың бірі Жылға ауылдық округінде  сапалы электр желісі тартылып, Бүгінде газ беріліп,  көптен күткен қуаныштың куәсі болудамыз.  Оған қоса, ауыз су мәселесін шешу мақсатында зерделеу-барлау жұмыстары жүргізілуде,  -деді  Арман Абдуллаев тұрғындарды  осындай айтулы шарамен құттықтап.

 

Сарыағаш ауданына  қарасты елді мекендерді ауыз сумен, табиғи газбен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда.  Қазіргі таңда, ауданға қарасты 63 елді мекеннің ішінде 52 елді мекен көгілдір отынмен, 49 елді мекен ауыз сумен қамтылған.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/989764?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді