
2025 жылғы 4 мамырда Қостанай қаласының Жастар сарайы мәдени орталығында мәслихат депутаттарын, мемлекеттік қызметшілерді және Қоғамдық кеңес мүшелерін жинаған ҚР Парламенті Сенатының кубогына арналған шахматтан II-ші «Senat Open» ашық кубогының іріктеу туры өтті. Турнирге Амангелді ауданынан аудандық мәслихат аппаратының басшысы С.Ш.Алшорин, «Amanat» партиясы Амангелді аудандық филиалының атқарушы хатшысы М.М.Досымов, Амангелді аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері А.М.Махтин және Н.М.Игіліков қатысты.
Амангелді аудандық Қоғамдық кеңес мүшесі Амангелді Мейрамғалиұлы Махтин іріктеу кезеңінде 3-ші орынға ие болып, Көкшетау қаласында өтетін жартылай финал ойындарына жолдама алды. Амангелді Мейрамғалиұлын жеңісімен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-amangeldi/press/news/details/989110?lang=kk
Жауап қалдыру