
Аудан әкімі Арман Қарсыбаев жуырда Шардара ауданының атынан Астана қаласында өткен Жайдарман сайысының «Маусымашар — 2025» республикалық фестивалінде өнер көрсетіп, жүлделі орынға ие болған «Байдың қыздары» командасы мен жетекшісін қабылдады.
Аудан әкімі соңғы уақытта ауданда жастар спорттан бөлек өнер мен ғылымға бет бұрып, оң нәтижелер көрсетіп жатқанын жеткізіп, жайдарманшыларды құттықтады.
Өз атынан Алғыс хат пен қаржылай сый-сияпат жасап, алдағы уақытта өтетін республикалық Жайдарман сайыстарында жоғарлы лигаларда ауданның атын шығарып, жеңісті күндер көп болуын тіледі.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/989124?lang=kk
Жауап қалдыру