Шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының хабарламасы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарлайды.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2025 жылғы  25 сәуірден 3 мамырға дейін мәслихатқа мынадай құжат тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер (қосымша 1);

2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері (қосымша 2 немесе 2.1.).

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 25 сәуірден бастап 3 мамырға дейін, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүргізіледі.

 

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты

Лариса Викторовна Топорова – Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Пресновка ауылы, Дружба көшесі, 19.

Жауапты тұлға – Жаңбыршина Гүлбаршын Қамзақызы, қызметтік телефон нөмірі (871544) 2-19-00, 8-777-553-71-20, электрондық пошта мекенжайы maslihatgamb@mail.ru

 

Жамбыл ауданының мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін бос орындарға сайлайды:

 

 

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

Сайлау комиссиясы мүшелерінің бос жұмыс орындарының саны

1

2

3

4

1

164

Қожаберген жырау атындағы жалпы білім беру мектебінің ғимараты, Пресновка ауылы,

Есім Шайкин көшесі, 29

2

2

171

 жалпы білім беру мектебінің ғимараты, Мирный ауылы, Центральная көшесі, 14

1

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhambyl-sko/press/news/details/989390?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді