
Құрметті ақтөбеліктер!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл — бірлік пен татулықтың, достық пен ынтымақтастықтың мерекесі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзінде: «Біз өз жерінде тыныштық пен келісімде өмір сүруге болатынын дәлелдеген, өз тағдырын өзі шеше алатынына көптің көзін жеткізген, болашаққа нық қадам басқан біртұтас ұлтпыз» деп атап көрсетті.
Ұлттар достығы мен татулығы — қай қоғамда да маңызды фактор.
Бүгінде біздің облысымызда тоқсаннан астам этнос өкілдері тұрады, 17 этномәдени бірлестік бар.
Сондай-ақ, Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында ақсақалдар кеңесі, аналар кеңесі, этномедиация кеңесі, басқа да топтар жұмыс істейді. Мұның бәрі ортақ игілікке, елдің кемелді келешегіне, ауызбірлікке қызмет етеді.
Құрметті жерлестер!
«Ынтымақ түбі — игілік» дейді халқымыз.
Биылғы Жұмысшы мамандығы жылы деп жарияланған тұста, әсіресе, еңбек адамдарының бірлігі, олардың өзара түсіністігі ерекше мәнге ие болары анық.
Мерекеде әрбір отбасына амандық, елімізге береке-бірлік, татулық пен ырыс тілеймін!
Бір мақсатты көздеген облыс халқының үйлесімі жарасып, Қазақ елінің даңқы арта берсін!
Ел аман, жұрт тыныш болғай!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/989752?lang=kk
Жауап қалдыру